28 қазанда Шымкент қаласында «Alash Pride» лигасының турнирлері өтеді.

Кешкі бағдарламаның басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу үшін Мурад Абдурахманов пен ресейлік Иван Грачев өзара күш сынасады.

Сондай-ақ турнирде Дастан Амангелді, Георгий Майсурадзе, Еламан Шертаев, Сұлтанбек Оразмамат уулу және басқа да файтерлер өнер көрсетеді.

Кешкі жекпе-жектер бағдарламасы сағат 18:00–де басталады.

Күндізгі бағдарлама сағат 13:00–де басталады.

Екі турнирді де Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.