30 маусымда Шымкентте жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Qosanov Memorial — World Athletics Continental Tour Bronze Level күнтізбесіне енген және халықаралық маусымдағы маңызды кезеңдердің бірі.

Биыл додаға 11 елден 250-ге жуық спортшы қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының көшбасшылары да бар. 

Жарыс бағдарламасына 27 жекелей дисциплина және 4 эстафеталық сайыс енген.

Айта кетейік, турнир 1 шілдеде аяқталады.