Қазақстан құрамасының таеквондошысы Мария Севостьянова Францияның Париж қаласында өткен Гран-при кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш кездесуінде жеңіске жетіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Алғашқы айналымда Мария Қытай Тайбэйінің өкілі Вэй Чунь Линьді 2:0 есебімен жеңді. Одан кейін дәл осындай нәтижемен Венгрия спортшысы Лука Патакфалвиден басым түсті.
Ширек финалда отандасымыз Өзбекстан өкілі Мадина Мирабзаловаға қарсы жекпе-жекке шығып, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал жартылай финалда бразилиялық Мария Клара Пачекоға 0:2 есебімен жол беріп, жарысты қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, таеквондодан Гран-при сериясының финалы 27-29 қараша күндері Астанада өтеді.
