Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновқа «Ақтөбе» клубы ұсыныс жасағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sport+ ASnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басында маман Қазақстан футбол федерациясымен келісімшартын ұзартқан еді және ұлттық құраманың толыққанды бас бапкері ретінде жұмысын жалғастырып келеді.

Ал «Ақтөбе» клубына келсек, «қызыл-ақтардың» жаңа басшылығы болгариялық маман Николай Костовтың жұмысына көңілі толмай отыр.

Қазіргі таңда Байсуфиновтың бұл қызметке тағайындалу ықтималдығы төмен бағалануда. Алайда алдағы күндері жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Бұған дейін БАҚ-та бас бапкерлікке үміткерлер қатарында Владимир Вайсс, Виктор Скрипник және басқа да мамандардың есімдері аталған болатын.