Астанада түркі елдері мен Ресей қатысатын тарихтағы алғашқы Алтай одағы чемпионаты басталады.
Қазақстан астанасында өтетін турнирде жергілікті спортшылармен қатар Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресейден келген таэквондошылар өнер көрсетеді. Сондай-ақ шақырылған ел ретінде Корея спортшылары да қатысады.
Жарыстар 22–23 маусым күндері өтеді. Жарыстың басталуы — сағат 10:00–де.
Тікелей эфирді sportplustv.kz сайтынан, сондай-ақ YouTube-тағы sportplust_qaz арнасынан тамашалауға болады.
Финалдық жекпе-жектер Sport+ телеарнасынан да көрсетіледі.
Финалдық кездесулердің болжамды басталу уақыты — сағат 18:00.
