Банкир және бизнесмен Тимур Турлов Қазақстан футбол федерациясын басқару ниеті жайында тараған ақпаратқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды  Sport Plus Qazaqstan  Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

 «Мен де «телеграм»-арналарды оқып таң қаламын. Біз айналысып жүрген өте қызық жұмысымыз бар.  Бар назарым QJ League жобасында және балалар және жасөспірімдер футболын дамыту басты міндеттеріміздің бірі деп ойлаймын», – деді Турлов.

Естеріңізге сала кетсек, көптеген медиа миллиардердің футбол федерациясын басқаруға құлшынысы бар деген хабарлама таратты.  Аталмыш ұйымның қазіргі президенті Әділет Барменқұлов 2022 жылдың ақпан айынан осы қызметте.