«Ақтөбе» командасы кеше мәскеулік «Спартакқа» қарсы жолдастық матч өткізіп, Қостанайға «Тобылға» қарсы матчқа жастар командасын жіберді, деп жабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Тобыл» сонымен қатар эксперименталды құрамды шығарды, нәтижесінде қостанайлық жас футболшылар 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Голдардың авторлары Радослав Цонев пен Нұрбол Жұмаділов атанды.
