18 маусымда Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі өтеді, онда Қазақстанның намысын «Тобыл» қорғайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қостанайлық команданың ықтимал қарсыластары анықталды – «Эльфсборг» (Швеция), «Корвинул» (Румыния), «Ботев» (Болгария), «Зире» (Әзірбайжан), «Ружемберок» (Словакия) және «Ллапи 1932» (Косово).

Аталған алты команданың ішінен тек «Ботев» қана қазақстандық клубтармен кездескен болатын, 2013/14 маусымында болгарлар Станимир Стоиловтың басшылығымен «Астананы» ойсырата жеңген еді.