«Тобыл» клубы жас қорғаушы Роман Божконың трансфері жайлы жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

21 жастағы қорғаушы бұған дейін тек «Ақжайық» құрамында ойнап, өткен маусымда Бірінші лигада дебют жасаған.