Маусымның бірінші жеңісінен кейін «Трабзонспор» турнир кестесінің аутсайдері «Хатайспор» командасына қонаққа барады.

Шенол Гюнештің шәкірттері маусымды қатарынан бес тең нәтижемен бастады, бірақ соңғы турда «Коньяспорды» жеңе алды (3:2).

Осы жеңістің арқасында олар кестеде сәл көтеріліп, 8-ші орынға ие болды, бірақ былтырғы қола жүлдегер үшін бұл, әрине, қолайлы нәтиже емес.

«Хатайспор» қоржынында тек 2 ұпай ғана бар, олар жеңістің дәмін әлі білмеген, нәтижесінде кестедегі соңғы орында жайғасты.

Матч 21:00–де басталады. Тікелей эфирде ойынды Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.