«Түркістан арена» стадионына оралғаннан кейін «Тұран» қатарынан екінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл жолы Түркістанда «Қызылжар» ұпай жоғалтты. Матчтың есебі 1:0, жалғыз голды жартылай қорғаушы Никола Цуцкич соқты.

Өткен турда «Шахтер» жеңіліс тапқан болатын. 

Осылайша «Тұран» чемпионатта 19 ұпай жинады.