2026 жылғы 26–31 қазан аралығында Түркістан қаласында 10 жасқа дейінгі жас спортшылар арасында Turkestan Masters 10&Under республикалық теннис турнирі өтті. Еліміздің әр өңірінен келген жас теннисшілер жекелей және жұптық сында жүлделерді сарапқа салды.

Жарысқа қатысқан жас спортшылар жоғары шеберлік, табандылық пен жеңіске деген жігер танытып, өзара мықтыны анықтады.

Қыздар арасындағы жекелей сында қарағандылық Фариза Ерболова чемпион атанды. Күміс жүлдені Алматы қаласының өкілі Аиша Хаким иеленсе, үздік үштікті тағы бір қарағандылық теннисші Джалилла Біржанова түйіндеді.

Ұлдар арасындағы жекелей сында астаналық Каһар Салғара жеңімпаз атанды. Екінші орынды алматылық Эмиль Кадауов иеленсе, қола жүлде елордалық Эмирали Байдиллаға бұйырды.

Қыздар арасындағы жұптық сында алматылық Жамиля Рамазан мен Амира Ахметова чемпиондық атаққа қол жеткізді. Күміс жүлдені ақтөбелік Айлин Даулеталина мен оралдық Раяна Халел жеңіп алды. Үшінші орынға Ақтөбе өкілі Севиль Даулеталина мен алматылық Амели Назарова тұрақтады.

Ұлдар арасындағы жұптық сында шымкенттік Сұлтан Тұрған мен астаналық Эмирали Байдилла жеңімпаз атанды. Күміс медальді Алматы қаласының өкілдері Герман Истомин мен Виктор Уваров иеленді. Ал қола жүлде ақтөбелік Айбын Қуантаев пен Әкімжан Саквинге бұйырды.

Айта кетейік, Эмирали Байдилла турнирде екі бірдей жүлдеге қол жеткізді. Ол жұптық сында алтын медаль жеңіп алса, жекелей сында қола жүлдегер атанды.

Мұндай республикалық турнирлерді өткізу Қазақстанда балалар теннисін дамытуда маңызды рөл атқарады. Жарыстар жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына, шеберлігін шыңдауына және бәсекелестік ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуіне жол ашады.

Turkestan Masters 10&Under турнирі еліміздің әр өңірінен келген дарынды жас теннисшілердің басын қосып, болашақ чемпиондарды анықтауға мүмкіндік беретін маңызды жарыстардың бірі болды.

Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында  пайдалана алады.