Турдың орталық матчтарының бірінде «Қайрат» өз алаңында «Тобылды» қабылдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алматылықтар есепті Жоао Паулоның күш салуымен ашты, алайда «Тобыл» тек есепті теңестіріп қана қоймай, Ахмед Эль-Мессауди мен Давид Энненнің дәл соққыларының арқасында алға шықты.
Матчтың шешуші сәті 7 қосымша минутта орын алды, «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Ульшин есепті теңестірді. Нәтижесінде 2:2.
Келесі турда «Қайрат» өз алаңында «Астананы» қабылдайды, ал «Тобыл» үйде «Атыраумен» кездеседі.
