Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан құрамасының Ұлттар Лигасы аясында өткізетін ойын кестесін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

Қазақстан аяқдопшылары жаңа маусымды В дивизионында бастайды. Үшінші топтағы қарсыластар: Австрия, Норвегия және Словения.

Магомед Адиевтің шәкірттері алғашқы ойында өз алаңында Норвегияны қабылдайды. Бұл матч 6 қыркүйек күні сағат 19:00де Алматының «Орталық» сталионында өтеді.

Келесі ойын 9 қыркүйек Словенияда. Люблянедегі матч Астана уақытымен 23:45те.

Үшінші тур аясында 10 қазанда Қазақстан құрамасын Венаға (Австрия) сапар күтіп тұр. Бұл ойын да 23:45те басталады. 

Келесі айналымда Словения командасы Қазақстанға келеді. Матч 13 қазан 18:00де.

14 қараша сағат 20:00 Қазақстан-Австрия ойыны.

Ұлттар Лигасының осы кезеңдегі соңғы матчы — 17 қараша, сағат 20:00. Норвегия футболшылары Қазақстанға ат басын бұрады.