Қазақстан құрамасының маусым айында өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімі анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қорытынды тізімге 27 ойыншы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Әділхан Добай, («Жетісу»), Александр Зуев («Арсенал Тула», Ресей), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Арман Кеңесов, Рамазан Оразов, Максим Самородов (барлығы – «Ақтөбе»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Исламбек Қуат («Астана»);

Шабуылшылар: Рамазан Кәрімов, Эльхан Астанов (екеуі де – «Астана»), Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия);

Армения – Қазақстан жолдастық матчы 7 маусым күні 21:00-де В.Саркисян атындағы Республикалық стадионда өтеді. Әзербайжанмен өтетін жолдастық ойын 11 маусымға жоспарланған. Матч Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында Астана уақытымен 19:00-де басталады.