Алматыда үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күні өтті, деп хабарлайды Sport+. 

Қатысушылар жекелей сайыстың іріктеу кезеңінде бақ сынады. Қазақстан құрамасынан үшінші кезеңге Абдулла Мамай (Алматы), Владислав Захаров (Қарағанды) және Ескендір Харки (Жамбыл облысы) шықты.

Отандастарымыз 3 қыркүйекте негізгі жарыс кестесіне шығу үшін күреседі. Қазақстандықтардың қарсыласы төмендегідей:

Абдулла Мамай - Флориан Буррассо (Франция)

Владислав Захаров - Юань Лицен (Қытай)

Ескендір Харки - Лев Кацман (Ресей)