Алматы (ерлер) және Қарағанды облысының (әйелдер) құрамалары Шымкентте өткен Қазақстан кубогында топ жарды. Өткен жылғы кубок иегерлері биыл да өз қарсыластарынан басым болды.
Ерлер, финал.
Алматы – Шығыс Қазақстан облысы 3:0
1-орын — Алматы (Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар, Санжар Жұбанов, Абдулла Мамай, Нұрдаулет Нұғай).
2-орын — Шығыс Қазақстан облысы (Денис Жолудев, Сағантай Құрмамбаев, Сергей Коновалов, Ченьян Ши, Нұрасыл Медеу).
3-орын — Шымкент (Ирисбек Артықметов, Бақдәулет Әкімәлі, Бекұлан Жамал, Нұрислам Қасым, Сарвар Ирисалиев).
Әйелдер, финал.
Қарағанды облысы – Алматы 3:2.
1-орын — Қарағанды облысы (Зауреш Ақашева, Жанерке Қошқұлбаева, Альбина Жақсылықова, Дарья Фу, Мария Лукьянова).
2-орын — Алматы (Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Гүзел Торшаева, Екатерина Пюрко, Айназ Әділгереева).
3-орын — Түркістан облысы (Шахзода Ахмадалиева, Назым Серікбай, Ноила Ханиязова, Мафтуна Ханиязова, Шахруза Шавкатова).
