Футболдан Испания Кубогының 1/16 финалы аясында «Валенсия» сырт алаңда «Спортингті» (Хихон) 2:0 есебімен жеңді.

Ойынның есебі 4-минутта ашылды, голды Лукас Бельтран соқты, ал екінші таймның басында Дани Раба екінші голды өз еншісіне жазды.