Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Анель Ташбай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына бесінші алтын медаль салды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ташбай жекелей уақытқа жарыста топ жарды. Спортшы қашықтықты 17:06.05 уақытта жүріп өтті.
Күміс жүлдені қытайлық Аофэй Син (17:25.08) иеленсе, қола медаль Чин Лоуға (Гонконг) бұйырды (17:40.41).
Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес алтын медаль бар.
