«Атырау» 31 жасар белоруссиялық шабуылшы Николай Сигневичпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Сигневич өзінің мансабының басында «Смолевичи», «Динамо» Брест және БАТЕ сияқты Беларусь клубтарында өнер көрсетті. Ол сондай-ақ орыс «Химки», Венгр «Ференцварош» және грекиялық «Платаниаста» өнер көрсетті.
Оның соңғы клубы грек «Аполлон Смирнис» болды, аталмыш клуб үшін 22 ойын өткізіп, 1 гол соқты.
Жалпы алғанда, Сигневич өзінің мансабында 327 матч өткізіп, ол 76 гол соғып, 34 нәтижелі пас берді.
