Алматыда жергілікті «Хан-Тәңірі» мен талдықорғандық «Жетісу» арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойын Премьер-лига өкілінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

Қазақстан чемпионатының келесі айналымында Қайрат Нұрдәулетовтің шәкірттері үшінші қазан күні өз алаңында «Елімаймен» кездеседі.