Өзбек қорғаушысы Абдукадир Хусанов «Манчестер Сити» клубының ақпан айындағы үздік ойыншысын анықтау үшін ресми сайтта өткен дауыс беруде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Ақпан айында Хусанов «Сити» сапындағы алғашқы голын Англия кубогы аясында «Лейтон Ориентке» соқты. Сондай-ақ, ол Чемпиондар лигасында «Реалға» қарсы толық матч өткізіп, Премьер-лигада үш кездесуге қатысты, олардың екеуінде командасы қақпасына гол жібермеді.
