Түркия Суперлигасының 9-турының басты оқиғасы Ыстамбұлдың екі алпауыт клубы — «Галатасарай» мен «Фенербахче» арасындағы үлкен дерби болмақ.

Түркияның қазіргі чемпионы «Галатасарай» ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты үзілістен кейін сырт алаңда «Генчлербирлиги» клубын 1:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ Чемпиондар лигасында «Лилльден» 4:2 есебімен басым түсті.

Ал «Фенербахче» Суперлигадағы соңғы кездесуінде «Аланьяспорды» 3:0 есебімен жеңген болатын. Алайда еурокубок аясында өз алаңында «Славияны» жеңе алмай, 2:2 есебімен тең түсті.

Қазіргі таңда қос команда турнирлік кестеде қатар орналасқан. «Галатасарай» екінші орында тұрса, «Фенербахче» үшінші сатыға жайғасқан.

Ыстамбұл дербиі 26 қазанда өтеді. Кездесу сағат 23:30–да басталады.

Матчты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.