Қазақстан Премьер-лигасының кезекті турында алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбемен» 2:2 есебімен тең түсті.
Осы нәтижеден кейін «Қайрат» пен «Ордабасы» арасындағы ұпай айырмашылығы төртке жетті. Осылайша, шымкенттік клуб чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда ел чемпионы атанды.
Алматылық команда сапында Азамат Тұяқбаев пен Марк Гуаль гол соқты. Ал «Ақтөбе» құрамында Оджо мен Пибе мергендігімен көзге түсті.
