23 қазанда Рудный қаласында футзалдан Қазақстан Суперлигасының көшбасшылары «Аят» пен «Қайрат» арасындағы екінші кездесу өтеді.

Командалар арасындағы алғашқы матч алматылықтардың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталған болатын.

Қарымта кездесу алдында екі команданың да еншісінде 19 ұпайдан бар. Қазіргі таңда «Аят» пен «Қайрат» турнирлік кестеде бірінші және екінші орындарды өзара бөлісіп тұр.

Кездесу сағат 19:00–де басталады.

Матчты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.