Қазақстан футзал құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Беларусь құрамасын 5:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Астанада өткен кездесуде Эдсон хет-трик авторы атанды. Сондай-ақ Альберт Ақбалықов пен қақпашы Игита бір-бір голдан соқты. Ақбалықов пенальтиді сәтті орындады.

Енді қос құрама арасындағы келесі кездесу 10 қарашада Минск қаласында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Беларусь құрамаларымен бір топта Албания құрамасы да өнер көрсетеді.