Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында «Қайрат» өз алаңында «Ертісті» 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Алматылық команда сапынан Марк Гуаль хет-трик авторы атанды. Сондай-ақ Эдмилсон мен Азамат Тұяқбаев бір-бір голдан соғып, командасының жеңісіне үлес қосты.