Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында елдің қазіргі чемпионы «Қайрат» өз алаңында «Ертісті» қабылдайды.
Алматылық клуб қазір екі майданда қатар күрес жүргізіп жатыр. Бейсенбі күні команда Ригада Конференциялар лигасының матчын өткізсе, енді ел чемпиондығындағы бәсекеге қайта оралады.
Бұл кездесуде жеңіліс тапқан жағдайда «Қайрат» чемпиондық атағын қорғау мүмкіндігінен ресми түрде айырылып, чемпиондық тәжді «Ордабасыға» табыстайды. Ал жеңіске жетсе, алтын медаль үшін күресін жалғастырады.
«Ертіс» болса, жақында ғана турнир кестесіндегі қауіпті аймақтан шықты. Алайда 15-орында тұрған «Жетісудан» небәрі бір ұпайға алда келеді. Сондықтан Шойтымов шәкірттері үшін де бұл кездесудегі ұпайлар аса маңызды. Павлодарлық команда Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу үшін барын салатыны анық.
Кездесу сағат 18:00–де басталады.
Матчтың тікелей трансляциясын Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.
