Түркия Суперлигасының 8-туры «Трабзонспор» мен «Бешікташ» арасындағы кездесумен қорытындыланады.
Қазіргі таңда қос команда турнир кестесінде тиісінше төртінші және бесінші орындарда орналасқан. Бұл матчта жеңіске жеткен ұжым екінші орынға көтерілуі мүмкін.
Апта ортасында екі клуб та еурокубок додаларында жеңіске жетті. «Трабзонспор» финляндиялық «КуПС» командасын 4:2 есебімен ұтса, «Бешикташ» германиялық «Хоффенхаймнан» 3:2 есебімен басым түсті.
Жалпы, бапкерлік құрам ауысқаннан кейін «Трабзонспор» тамаша нәтижелер көрсетіп келеді. «Дауылдар» соңғы үш кездесудің барлығында жеңіске жетіп, қарсыластарының қақпасына 11 гол соқты. Сондықтан бұл жолы «қырандарға» оңай соқпасы анық.
Кездесу сағат 22:00–де басталады.
Матчтың тікелей трансляциясын Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.
