Жамбылдықтар XVII жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Нұрдәулет Жұмағалиді қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алдымен параспортшыны жақындары мен жанкүйерлері «Әулие-Ата» халықаралық әуежайынан құшақ-құшақ гүл шоқтарымен күтіп алып, жылы лебіздерін білдірді.

Бұдан соң «Тараз-Арена» спорт кешенінде салтанатты шара ұйымдастырылып, оған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Нұрдәулет Жұмағалиға жазғы Паралимпиада ойындарындағы жоғары көрсеткіші үшін демеушілердің тарапынан 2 бөлмелі пәтер мен Toyota

Camry 75 автокөлігінің кілті табысталды. Жеке жаттықтырушысы Саттар Бейсембаевқа да ілтипат көрсетіліп, Haval M6 автокөлігінің кілті берілді.