4 сәуір күні NAIZA Jekpe-Jek турнирінің екінші кезеңі эфирге шығады. Бұл жолы кәсіби ММА-дағы рекорды аз жас спортшыларға мүмкіндік берілді.

Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Үндістаннан келген файтерлер қатысты.

Жалпы, турнир аясында сегіз түрлі салмақ дәрежесінде сегіз жекпе-жек өтті.

Турнирдің эфирі 22:00-де Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.