Грузияда 25 елдің спортшылары қатысып жатқан үстел теннисінен «WTT Youth Contender Tbilisi 2026» халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+.

U13 жас санатында Қостанайдан келген Жания Бекмұхамбетова (бапкері — Юлия Даниярова) тамаша өнер көрсетті.

Ол Әзербайжанның екі теннисшісін, сондай-ақ Беларусь, Грузия және Шри-Ланка өкілдерін жеңіп, 1-орын иеленді.