Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Таиландтың Бангкок қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы U13 жас санатында үшінші орынды иеленді.

Турнир барысында Бекмұхамбетова Таиланд өкілдері Амина Прасонполды 3:1, Беньяфа Сураситті 3:0, Наттхапат Лимсирилертті 3:0 және Жапония спортшысы Нонока Судзукиді 3:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы Қытайлық Тайбэй өкілі Йен Пэй Эньге 0:3 есебімен есе жіберіп, жарысты қола медальмен аяқтады.