Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық спортшы 13 жасқа дейінгі (U13) қыздар арасындағы жарыста екінші орын иеленді.
Турнир барысында Жания Бекмұхамбетова италиялық Виктория Таминиді 3:0, румыниялық Диана Бурлакуды 3:0, италиялық Майя Павелді 3:0, австралиялық Алисса Йенгті 3:0 және испаниялық Кармен Гоместі 3:0 есебімен жеңді.
Ал финалдық кездесуде қазақстандық теннисші жапониялық Каэдэ Нэяға 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.
