Қарағандылық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев Бейжіңде өтіп жатқан WTT China Youth Smash жастар турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.
Спортшының жаттықтырушысы — Эльмира Әлиева.
Ширек финалда қазақстандық теннисші Қытай өкілі Чжоу Гуаньхунды 4:1 есебімен жеңді.
Бұған дейін Алан топтық кезеңде Қытайлық Тайбэй өкілі Чен Кай-Ченгті 4:0, ирандық Мохаммад Хабибиді 4:2 және малайзиялық Ли Хонг Анды 4:1 есебімен ұтқан болатын.
Ал 1/8 финалда сингапурлық Николас Танды 4:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.
