Роттердамда (Нидерланд) өткен халықаралық турнирде марафоншы Жанна Мамажанова Олимпиада лицензиясын  иеленді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол межелі қашықтықты 2:26.42 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, Олимпиада нормативтін орындады.

Сондай-ақ, ол өз рекордтын жаңартты. Бұған дейін оның халықаралық турнирдегі көрсеткіші 2:26.54 құраған.