Астана қаласында күрес түрлерінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күніне орай балуанның есімі берілген Жекпе-жек сарайының алаңындағы ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт саңлағы Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысының Свердловск ауданы Дихан ауылында дүниеге келген.
Саналы ғұмырын спортқа арнаған палуан грек-рим күресімен шұғылданып, 1971 жылы спорт шебері, 1975 жылы халықаралық спорт шебері атанған.
1980 жылы Мәскеуде өткен байрақты бәсекеде қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанса, 1981 жылы әлем чемпионы атанған.
