Қазақстан жеңіл атлетикадан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы бір медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте үшінші орынға ие болды. Отандасымыз 1:41:26 нәтижесімен мәреге жетті.
Сондай-ақ Эльмира Калимуллина бесінші орынға табан тіреді.
Қытайлық Нин Цзиньлинь алтын медаль жеңіп алды — 1:38:24. Оның командаласы Доу Маоцо күміс жүлдеге ие болды — 1:39:01.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс медаль алса, Максим Балабин қола жүлдемен көзге түскен еді.
