Жеңіл атлетші Дейзи Джепкемей Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

Ол 10 000 метр қашықтықтағы финалдық жүгіруде бірінші болып келіп, межені 30:48.44 уақытында бағындырды.

Екінші болып жапондық Ририка Хиронака (30:56.32), ал үшінші болып тағы бір жапон спортшысы Микуни Яда (31:12.21) мәре сызығын кесіп өтті.

Бұған дейін спорттық жүрістен 20 шақырым қашықтықта Ясмина Тоқсанбаева үшінші орын алып, қазақстандықтар қоржынында енді екі медаль бар.