«Жеңіс» бразилиялық шабуылшы Джон Клебермен келісімшартты өзара келісім бойынша бұзды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Джон Клебер «Астана» және «Ақтөбе» футбол клубтарына қарсы ойын өткізді.
Бразилиялық кәсіби мансабын 2017 жылы Бразилияның Б сериясындағы «Понте Прета» футбол клубында бастады. Өткен маусымда уругвайлық «Хувентудта» өткізіп, аталмыш клуб үшін 29 матч ойнап, жеті гол салды.
