Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалы аясында елордада «Жеңіс» «Ақтөбемен» кездесті, деп хабарлайды Sport+.

Кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Жалғыз голды бұрыштамадан кейін Матия Ром соқты. 

Турнирдің ширек финалында астаналықтар басқа елордалық клуб – «Астанамен» кездеседі.