Футболдан OLIMPBET Қазақстан чемпионатының 23 туры Қарағандыдағы «Жеңіс» пен «Жетісу» арасындағы матчымен басталады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қос команда да ұлттық құраманың ойындарына байланысты үзіліске жақсы көңіл күйде шыққан еді. Өйткені екеуі де фавориттерді жеңді. «Жеңіс» осы «Шахтер» стадионында «Тобылдан» 2:1 есебімен басым түсті.
«Жетісу» болса «Елімайды» 2:0 есебімен жеңіп, жеңіліс сериясын тоқтатқан еді.
Қазір қос команда да осы жағдайды сақтап қалуға өзара кездесуде сақтап қалуға мүмкіндік бар.
Бірақ кім жеңімпаз атанбақ? Акис Вавалис па немесе Қайрат Нұрдәулетов па?
Бүгін 14:00де білеміз. Бұл матчты тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан және Sportplustv.kz сайтынан тамашалай аласыздар.
