Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының кезектен тыс конференциясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ұйымның президенті болып сайланды, деп хабарлайды Sport+.

Бұл шешім елімізде үстел теннисінің қарқынды дамып, маңызды халықаралық спорттық жарыстардың біріне дайындық жүріп жатқан кезеңде қабылданды. Атап айтқанда, 2027 жылы Астана қаласында үстел теннисінен ITTF World Table Tennis Championships Finals әлем чемпионаты өтеді.

Жаңа президенттің басшылығымен Федерация қолданыстағы бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады.

Алдағы кезеңдегі басты басымдықтар — елімізде үстел теннисін жүйелі түрде дамыту, спортшылардың сапалы дайындалуына қолайлы жағдай жасау және Қазақстанның халықаралық спорт қауымдастығындағы беделін нығайту.