2016 жылғы жүзуден Паралимпиада чемпионы, қазақстандық Зүлфия Габидуллина Париждегі Паралимпиадада 50 метр брасс қашықтығында финалға шыға алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Габидуллина 1:12,07 уақыт нәтижесімен 10-шы орын алып, финалға өте алмады. Енді 6 қыркүйекте қазақстандық спортшы 50 метр еркін жүзу қашықтығында жарысады.
