Бапкер Нұрбол Жұмасқалиев «Ертістің» бас бапкері екі матч өткізді — екеуі де 2:2 есебімен аяқталды.

Енді Нұрбол Жәрдемұлы мен павлодарлықтардың жолында маусым басындағы басты сенсациялардың бірі — «Ұлытау» тұр.

Жезқазғандықтар көшбасшылар тобында келеді. Олар «Астанадан» тек доп айырмасы бойынша қалып тұр және «Елімайды» бір ұпайға артта қалдырған.

Матч сағат 18:00–де басталады. Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.