Қазақстандық үстел теннисі шеберлері Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар Аустрия кубогында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі кубок иегері «Штоккерау» клубы сапында Айдос Кенжіғұлов өнер көрсетеді. Олар финалда «Вельс» командасын 3:1 есебімен жеңіп, өз тарихында төртінші рет жүлдеге ие болды.

Айдос финалда бір кездесу өткізіп, қарсыласын 3:0 есебімен айқын жеңді.

Ал Дастан Кенжеғұлов «Баден» клубының құрамында турнирдің қола жүлдегері атанды.