Англия кубогының бірінші кезеңінде елдің алтыншы дивизионында өнер көрсететін «Оксфорд» өз алаңында Англияның бұрынғы чемпионы «Лестерді» қабылдайды.

«Түлкілер» биылғы Лига 1 чемпионатында 13 турдан кейін 19 ұпай жинап, турнирлік кестеде 10-орында келеді. Команданың соққан және жіберіп алған голдарының айырмасы — 18:15.

Бір кездері Англия Премьер-лигасының чемпионы атанған «Лестердің» даңқты кезеңі бүгінде тек естелікке айналған. Қазір команданы «Рейнджерс» клубының бұрынғы футболшысы әрі бапкері, 40 жастағы шотландиялық Рассел Мартин жаттықтырады.

Команда сапында Италия құрамасына шақырту алған, «Аталантаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Калеб Околиді, Аустралия құрамасының қорғаушысы Харри Суттарды, сондай-ақ «Раннерс» пен «Венло» клубтарында өнер көрсеткен даниялық Эмиль Риисті атап өтуге болады. Соңғысы — «Лестердің» осы маусымдағы үздік сұрмергені.

Матч Астана уақытымен сағат 00:45–те басталады.

Кездесуді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.