18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грузия екі жолдастық матч өткізеді. Кездесулер 15 және 17 қараша күндері Тбилиси қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сайтына сілтеме жасап.
Алдағы оқу-жаттығу жиыны мен халықаралық матчтарға шақырту алған футболшылардың тізімі жасақталды.
Қақпашылар: Камиль Гайнуллин, Батырхан Серікбай (екеуі де — «Қайрат»), Рустам Гаптурахманов («Алтай»);
Қорғаушылар: Мансұр Авасханов, Марлен Әмренов, Тарлан Ерболатов, Альфир Ханафи (барлығы — «Қайрат»), Мейірлан Балтабаев, Жәнібек Жайлаубек (екеуі де — «Шахтер»), Диярхан Қарабалинов («Аланьяспор», Түркия);
Жартылай қорғаушылар: Ислам Рақым, Әлихан Жұмабек (екеуі де — «Қайрат»), Расул Әкімов, Данил Литвиненко, Дамир Юсупбеков (барлығы — «Шахтер»), Арман Ахмет, Ибраһим Бауыржанов, Ринат Бейбітов (барлығы — «Ақтөбе»), Шаріпхан Шәріпжан («Хан-Тәңірі»);
Шабуылшылар: Аян Аманжолов («Ақтөбе»), Расул Досан («Тұран»), Әділбек Тұрдах («Ордабасы»).
Бапкерлер штабы: Евгений Коструб — аға бапкер, Талғат Қанышев — аға бапкердің көмекшісі, Олжас Тұртұлов — қақпашылар бапкері, Жеңіс Арыстан — дене даярлығы бапкері, Дмитрий Васильев — бапкер-сарапшы, Елдар Исаев — дәрігер, Сергей Бурлуцкий — массажист, Серік Жугралин — менеджер, Жанболат Тыныбек — әкімші.
