Қазақстан әйелдер құрамасы Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Айша Әбдімәлік ел қоржынына күміс медальді салды.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың финалында моңғолиялық Ариунзул Болдбаатардан жеңіліп қалды.

Сондай-ақ Аянат Мейнамбай 49 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдескен еді. Дегенмен АҚШ өкілі Исла Сильваға жол берді.