Түркия Суперлигасының 11-туры аясында «Аланьяспор» өз алаңында чемпионат көшбасшыларының бірі «Трабзонспорды» қабылдайды.
Қонақтар он матчта 22 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында тұр. Соңғы үш турда «Трабзонспор» «Бешікташты» (2:0), «Ризеспорды» (4:3) және «Газиантепті» (2:0) жеңіп, қатарынан үш жеңіске қол жеткізді. Алайда Конференция лигасында команда Германияның «Фрайбург» клубынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Ал «Аланьяспор» 12 ұпаймен турнирлік кестенің 12-сатысында орналасқан. Команда соңғы уақытта сәтсіз өнер көрсетіп, ел чемпионатында қатарынан үш рет жеңіліс тапты. Өткен турда Аланья қаласының клубы «Генчлербирлигине» 0:5 есебімен ойсырай ұтылды.
Дегенмен екі команданың соңғы үш кездесуінде «Аланьяспор» «Трабзонспордан» жеңілген жоқ. Осы аралықта бір рет жеңіске жетіп, екі ойында тең түсті.
Матч 8 қараша күні өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 20:30–да басталады.
Тікелей трансляция сағат 20:25–те Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.
